Жиі ашуланатын адамдарға қандай қауіп төніп тұр – ғалымдардың зерттеуі

0
1057

Ғалымдар 59 бен 93 жас аралығындағы екі жүз адамның өмірін бақылаған

Канадалық ғалымдар көңіл-күйдің егде жастағы адамдардың өмір жасына қалай әсер ететінін анықтады, деп хабарлайды «Известия».

Конкордия университетінің зерттеушілері Монреальде тұратын 59 бен 93 жас аралығындағы қарт адамдардың өмірін бақылаған. Зерттеуге барлығы 200 адам қатысты. Мамандар олардың қан сынамасын алып, күйзеліске қаншалықты жиі түсетіні жайлы сауалнама жүргізген.

Ғалымдар жиі ашуланатын адамдар басқаларға қарағанда созылмалы ауруларға көп шалдығып, аз өмір сүреді деген пайымға келді.

«Адам қартайған кезде, күш-қуаты кеміп, біраз нәрсені істей алмай қалады. Оның үстіне егде жастағы адамдардың көбі әйелінен немесе күйеуінен айырылады, қимыл-қозғалысы азаяды. Мұның бәрі оның ашуын туғызып, көңіл-күйін түсіреді», – дейді Конкордия университетінің маманы Меган Барлоу.

sputniknews.kz