Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясындағы қызметінен босатылды

27 ақпанда өткен «Ауыл» партиясы саяси кеңесі президиумының отырысында Жигули Дайрабаев партия төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Ауыл” партиясы шешімді партияның саяси кеңесінің мүшелері бірауыздан қабылдағанын хабарлады.
2023 жылдан бері Жигули Дайрабаев VIII сайланған Қазақстан парламенті мәжілісінің «Ауыл» партиясынан депутаты болды.
2021 жылы жер реформасы жөніндегі республикалық комиссия төрағасының орынбасары, 2022 жылы президенттікке кандидат болды.
Жигули Дайрабаев Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 1989 жылы агроөнеркәсіптік кешен жоғары мектебін бітірген. Мамандығы бойынша агроном.
Кеңестік кезеңде ауылдық жерлерде түрлі саяси қызметтерді атқарған.
1987-1995 жылдары Жамбыл атындағы колхоздың басқарма төрағасы, одан кейін «Қорағаты» кеңшары, «Берлік» астық қабылдау кәсіпорны сияқты бірнеше ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының директоры қызметтерін атқарды.
2015 жылдан «Қазақстан фермерлер одағы» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, 2019 жылдан «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» басқармасының төрағасы болды. 2022 жылы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының агроөнеркәсіптік кешен комитетін басқарды.
Еске салсақ, бұған дейін депутаттар Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрынтоқтатқан еді.