Жігіттің туысы қалыңдықтың пәктігін тексеріп, әкесінен ақы сұраған

0

Өзбекстанның Хорезм облысында күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың пәктігін тексерген. Бірнеше әйел қызды мәжбүрлеп шешіндіріп, тексеру барысын видеоға түсіріп алған.

UPL.uz. хабарлауынша оқиға биыл 7 қазанда Үргеніш қаласында болған. Ал түсірілген видео қарашаның соңында желіге салынған. Үйлену тойынан кейін жігіт қалыңдығының қыз екеніне күдіктеніп, туыстарына тексерткен. Олар болса қызды тыр жалаңаш шешіндіріп, тексеріп қана қоймай, оны балағаттап қорлаған екен. Содан жігіт жақ қыздың әкесінен үйлену тойына шығындалған ақшаны талап еткен. Оны өтей алмаған соң түсірген видеосын жариялап жіберген.

Қыздың өгей әкесі оның бәрін бопсалау мақсатында ұйымдастырылған деп отыр. «Орынсыз жағдай. Бәрі алдын ала жоспарланғаны анық. Кімнің қыстауында түн ортасында медициналық қолғап болады? …Бұған көз жұма салайық. Бірақ интернетте видеоны жариялай отырып, олар барлық хорезмдіктерді ұятқа қалдырды. Маған тіпті Түркиядан қоңырау шалып, көмек ұсынды», – дейді Нуриддин Рахимов.

Оның айтуынша, күйеу бала бұрын зорлық жасағаны үшін сотталған екен, ал қалыңдықтың отбасы бұл туралы үйлену тойынан кейін білген.

Басылымның ақпараты бойынша видео түсірген адамдар ұсталған. Тергеу тоғыз адамға қатысты жүріп жатыр.