Жігіттің тікелей эфирдегі өлімі жұрттың жағасын ұстатты

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Жапониялық елдегі ең биік шыңды бағындырамын деп мерт болды. Ол бұл сәтті өзі видеоға түсіріп үлгерген

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Жігіт Фудзиямаға шығамын деп қаза болды.

Niconico видеохостингінің қолданушылары тікелей эфирде болған қайғылы жағдайды көріп, жағаларын ұстаған. Биіктігі 3776 метр болатын Фудзияма шыңын бағындырғысы келген жігіт тауға шығып бара жатқан сәтін видеоға түсірген. Мақсатқа жетуге санаулы уақыт қалғанда жапониялық сәтсіздікке ұшырады, деп хабарлайды Soranews24.

«Таудың бұл бөлігі қауіпті. Бірақ шыңға шығудың басқа амалы жоқ. Құлап бара жатырмын» – дейді жігіт.

Soranews24.com порталының хабарлауынша, ол осы сөзден кейін бірден төменге құлаған.

Қайғылы оқиғаның видеосын Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары жүктепті. Онда жігіттің камерасымен бірнеше рет құлаған сәтін анық көруге болады. Осыдан соң, желі қолданушылары бірден жергілікті билік өкілдеріне хабарласқан. Мамандар құтқару-іздестіру жұмыстарына кірісті.

Тағы оқыңыз: Үйлену тойында болған сұмдық жағдай видеоға түсіп қалды

30 қараша күні күндіз полиция жігіттің өлі денесін тапты. Ол 776 метр биіктіктен құлаған. Алайда мамандар жігіттің қатты зардап шеккеніне байланысты кім екенін анықтай алмай отыр. Сондай-ақ, мәйіттің жанынан құжаттар мен ұялы телефон да табылмапты. Мәйіт сараптамаға жіберілді.



sputniknews.kz