Жігіттер тобы Түркия мен Моңғолияда ән кештерін өткізеді

0

Жігіттер тобы Түркия мен Моңғолияда ән кештерін өткізеді

«Жігіттер» тобы Түркия мен Моңғолияда ән кештерін өткізеді. Мұндай жаңалықпен топ мүшесі Бағлан Әбдірайымов Инстаграмдағы парақшасында бөлісті. 

«Алғаш рет 15 жылдық ән кешімізді Түркия елінде Ыстанбұл мен Сакарья қаласында Наурыз мерекесіне орай қою үшін сапарға шыққалы жатырмыз. Алла қаласы Наурыз мерекесін бірге тойлайық. Кешіміздің қонағы болыңыздар, концертке келіңіздер», — деді әнші.

Сонымен қатар Бағлан  16-21 наурыз аралығында Моңғолияға да  сапарлап, концерт беретіндіктерін атап өткен.
 

Дереккөз: Reactor


http://inform.kz