«Жігіттен Kaspi арқылы сыйлық алмаңдар»: Қазақстандық бұрынғы қызын сотқа беріп, ақшалай аударымдарды қайтаруды талап еткен
Түркістандық қыз жігітімен бір жыл қарым-қатынаста болып, кейін айырылысып кеткен. Жігіт кек алуды жоспарлап, бұрынғы қызымен жүрген 1 жыл ішіндегі онлайн аударым ақшаларын қайтарып беруді, мұнымен қоймай айыппұл төлеуді талап етіп отыр. Stan.kz тілшісіне заңгер Қайырхан Балғабеков қыздарға сүйіктісінен ақшалай сыйлық алмауға кеңес беріп, істің мән-жайын айтып берді.
Фото видеокадрдан скриншот жасалған
Жәбірленуші қыздың ресми өкілі, заңгер Қайырхан Балғабеков қазіргі таңда Түркістан облысында іс қаралып жатқанын айтты.
«Бұл іс бойынша жігіт сүйіктімен жүріп жүрген кезде оған 10, 15, 20 мың теңге ақша аударып жүрген. 1 жылдың ішінде аударымдар сомасы 1 700 000 миллион теңгеге жуықтап қалған. Кейіннен ол қыз ол жігітпен жүргісі келмей, екеуі екіге кетеді. Бірақ уақыт өте келе жігіт қалай кек алсам екен деп ойлайды. Жігіт қыздың соңынан қалмай, оған күні-түні хабарласып, мазасын алған. Кейін қыз ер адамның бұл әрекетінен шаршап, ақыр соңында оған сыйлыққа берген ақшаларын қайтарып беруді шешеді. Бастапқыда қыз 100 мың теңгеден, кейін 500 мың теңге аударған. Алайда кейін жаман ауруға шалдыққан соң ақшаны қайтарып беруге шамасы келмеген. Себебі ақшаның бәрі емдік шараларға кеткен. Осылайша ол қызды сотқа берген. Қазір іс бойынша қиындықтар туындап жатыр», – деді заңгер.
Сонымен қатар заңгер ер адамның қыздың онкологиялық аурумен ауырытанын білсе де, берген ақшаларының үстіне өсімімен бірге төлеуді талап отырғанын айтты.
Фото заңгердің жеке архивінен алынған
“Себебі аударымдар жасалған, ақша түсіп отырған. Енді судья ол сыйлық ретінде берілгенін дәлелдеуімізді сұрайды. Сотта бұл істі Азаматтық кодексінің 48-тарауы, 953-бап (Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер) бойынша істі қарастырып жатыр. Мысалы, сіз біреуге кездейсоқ аударым жасап қойсаңыз, жауапкер тарап өзінің ақшасы екенін дәлелдеу керек. Аударылған ақша негізсіз байлық емес екенін айғақтармен көрсетуге тиіс. Өкінішке қарай олар қарым-қатынаста болған кезде жазған хаттардың бәрі өшіп кеткен”, – дейді заңгер.
Заңгер іс бойынша әлі сот шешімі белгілі болмағанын хабарлады.
“10 мамырда Түркістан облысы, Келес ауданында соңғы сот отырысы болып, бәрінің ақ-қарасы анықталады”, – деді заңгер.
Айта кетейік, Азаматтық кодекстің 48-тарауына сәйкес «Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер» бойынша заң қарастырып, мына баптар негізінде сот ісі жүргізіледі.
953-бап. Негiзсiз байлықты қайтару мiндетi
- Заңдармен немесе мәмiлемен белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа тұлғаның (жәбiрленушiнiң) есебiнен иеленiп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы), осы Кодекстің 960-бабында көзделген жағдайлардан басқа ретте, негiзсiз иеленiп алынған немесе жинақталған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндеттi.
- Егер мүлiк иеленiп алынған немесе жинақталған негiз кейіннен жоққа шыққанда да, осы баптың 1-тармағында белгiленген мiндет туындайды.
- Осы тараудың ережелерi негiзсiз баю мүлiктi иеленушiнiң, жәбiрленушiнiң өзiнiң немесе үшiншi тұлғалардың пиғылының нәтижесi не оқиғаның салдары болып табылғанына қарамастан қолданылады.
954-бап. Негiзсiз байлықты қайтару туралы талаптардың азаматтық құқықтарды қорғау туралы басқа талаптармен арақатынасы
Осы Кодексте, басқа да заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе және тиiстi қарым-қатынастар мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi:
- жарамсыз мәмiле бойынша орындалғандарды қайтару туралы;
- меншiк иесiнiң мүлiктi бөгде бiреудiң заңсыз иеленуiнен сұратып алуы туралы;
- мiндеттемедегi бiр тараптың екiншiсiне осы мiндеттемеге байланысты орындалғандарды қайтару туралы;
- зиянды, оның iшінде байыған тұлғаның терiс пиғылынан келтiрiлген өтем туралы талаптарға да қолданылуға тиiс.
955-бап. Негiзсiз байлықты заттай қайтару
- Мүлiктi иеленушiнiң негiзсiз байлығын құрайтын мүлiк жәбiрленушiге заттай қайтарылуға тиiс.
- Мүлiктi иеленушi баюының негiзсiздiгi туралы ол бiлгеннен немесе бiлуге тиiстi болғаннан кейiн болған, оның iшiнде негiзсiз иеленiлген немесе жинақталған қандай болса да мүлiктiң кездейсоқ кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жәбiрленушiнiң алдында жауап бередi. Бұған дейiн ол тек жасырын ниетi мен өрескел абайсыздығы үшiн ғана жауап бередi.
956-бап. Негізсіз байлықтың құнын өтеу
1. Негiзсiз алынған немесе жинақталған мүлiктi заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда мүлікті иеленуші жәбiрленушiге осы мүлiктiң оны алған кездегi нақты құнын өтеуi, сондай-ақ егер мүлiктi иеленушi оның құнын баюдың негiзсiздiгi туралы бiлгеннен кейiн дереу өтемесе, мүлiк құнының кейiнгi өзгеруi арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуге тиiс.
2. Басқаның мүлкiн не басқаның қызмет көрсетулерiн негiзсiз уақытша пайдаланған (оны иелену ниетiнсiз) адам жәбiрленушiге пайдалану тоқтатылған кездегi және оның болған жерiндегi бағамен осындай пайдалану салдарынан жинақтағанын өтеуге тиiс.