“Жігітіне «Албанмын» депті”- Мақпал Жүнісова қызы Мерейге ата-анасына байланысты шындықты қалай жеткізгенін айтты
Өнер иесі журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділовтың қызына 18-ге толғанда шындықты айтқысы келгенін жеткізген. Бірақ марқұм ол күнге жете алмағандықтан, әнші қызы жиырмаға келгенде өзі бекініпті.
“Ол шындықты не үшін айттым?! Қыз өсті. Оның үстіне Зәкең көзінің тірісінде «Мерей 18-ге келгенде өзім айтамын» деген. Сол кісінің аузынан шыққан сөз. Қыз 18-ге толды, мен айта алмадым. 19 жасында да айта алмадым. 20-ға жақындағанда айттым. Сол кезде ол жігіттермен кездесуге барады, танысады. Сосын келіп, руларын айта бастайды. Бір күні жігітіне “Албанмын” депті. Ол – өтірік қой. Арғынның қызы, қаракесек. Сол кезде шындықты айтуға бекіндім. Өз тегін, руын білсін деп ойладым. Ертең күйеуге шыққанда өтіріктен бастай ма деген ойлар да кетті. Зәкең айтамын деген, енді өзім айтуым керек деп шештім. Содан кейін ана жақтағы балалар оған хабарласып мазалай бастады. Сол себепті маған шындықты айту керек болды», – дейді халық әртісі.