Жігітін зорлап тастаған. Қос ғашықты туыстары пышақтап өлтірді

0
3447

Түркия тұрғынын немере ағасына күштеп тұрмысқа бермек болған. Алайда ол өз сүйіктісімен қашып кетті. Артынша отбасы екеуін алдап шақырып, жігітті зорлап, артынша екеуін қосып өлтіріп тастаған.

Daily Mail мәліметінше, Байрамозу ауылында 24 жастағы қыз баланы немере ағасына тұрмысқа шығуға мәжбүрлеген. Ол жас жігітімен қашып кетеді.

Олардың көрші қаладағы кешке келгенін естіген отбасы татуласуға арналған шайға шақырады. Алайда олар келген соң, жігітті зорлап, кейін екеуін де пышақтап өлтіреді. Артынша екеуінің денесін ауылға көмген.

Туыстары полицияға бар шындығын айтып, жастарды қайда көмгенін мойындады. Мәйіттер табылған соң, қыздың әкесі, ағасы және немере ағасы қамауға алынды. Сондай-ақ, кісі өлтіруге қатысы бар тағы екі адам қолға түсті.