«Жігітім ұрып-соғып, ақшамды алып қояды»: Алматы тұрғыны жантүршігерлік суретін жариялады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазнетте сүйіктісі ұрып тастаған қыздың суреттері таралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұру

«Енді мен үндемей қалмаймын. Бір жылдан бері бір жігітім мені ұрып, ақшам мен телефонымды алып, өлтіремін деп қорқытып келеді. Мен өз өмірім үшін қатты қорқамын. Адамдар егер кез келген сәтте жоғалып немесе өліп кетсем бұған Ержан Әбілхас Байыржанұлы кінәлі. Мұны тоқтатуға көмектесіңіздер», — деп жазды қыз Instagram-дағы парақшасында.

Жәбірленуші арыз бергенін атап өтті.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, азамат А. полицияға 2020 жылдың 10 маусымында арыз жазған.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу Алмалы аудандық полиция басқармасында жүргізіліп жатыр. Іс жүргізу аясында жағдайдың мән-жайын анықтауға және кінәлі тұлғаны жауапкершілікке тартуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіледі», — деді департаменттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, тиісті сараптамалар жүргізіледі.



stan.kz