Жігіт қалыңдығын ұрлаймын деп масқара болды

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

758 0 0

Кавказ өңірінде қалыңдығын ұрламақ болған жігіттің абыройы айрандай төгілді

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Владикавказда қалыңдығын дәстүрге сай ұрламақ болған жігіт қызды екі рет құлатып алды. Әлеуметтік желілерде таралып кеткен күлкілі видеоны НТВ арнасы Telegram-да жариялаған.

Видеода жігіт қыздың артынан келіп, басына қап кигізіп, көлікпен алып қашпақ болады. Алайда қалыңдығын әуелі баспалдақта, кейін көліктің жанында құлатып алады. Онымен қоймай өзі де бірге жығылған.

Кадрдан тыс оқиға куәгерлерінің «әттеген-ай» деген үні естіледі.

Қыз алып қашқан жігіт сотталғанда қатты қуандым — танымал суретші

YouTube желісінде жұрт алаңғасар жігітті келемеждеп жатыр. «Байғұс қыздар-ай. Бұл цирк қашан бітеді, адамды мертіктіре жаздады», — дейді қызға жаны ашығандар. «Осыдан кейін қалған болса, қатты тұрмысқа шыққысы келген ғой. Екі рет құлатып, тіпті хал-жағдайын білген жоқ, әрі қарай сүйреп барады. Жігіттер, ұялсаңдаршы, қыз ұрлай білмейсіңдер, енді келіп видеоға түсіресіңдер», — деп мысқылдады біреулер.

Қыз алып қашу оқиғасы — жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін


Дереккөз: https://sputniknews.kz/