Жігіт Instagram-да қыздармен танысып, оларға несие алдырған

0
0

Петропавл полиция бөлімінің қызметкерлері 22 жастағы азаматты ұстады. Тергеушілердің айтуынша, ол қыздармен романтикалық қарым-қатынас орната бастаған, содан кейін оларға несие алдырып отырған.

Бұл туралы Петропавловск.news сілтеме жасап KzNews.kz хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың түсіндіруі бойынша, криминалдық полиция қызметкерлері бұрын сотты болмаған 22 жастағы Петропавл қаласының тұрғынын анықтады және ұстады, ол жеке деректерді, ЖСН, банктік шот нөмірлерін пайдаланып алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы микроқаржы ұйымдарынан несие алған, өтінімдерді 50-ден 100 мың теңгеге дейін жасаған.

Осыдан кейін, тергеу мәліметтері бойынша, күдікті жәбірленушілерді шақырып, олардың есепшоттарына түскен ақшаны оның достары аударғанын айтқан. Көрсетілген соманы алып, хабарласпай қояды екен.

Сотқа дейінгі тергеу барысында азаматтың тағы бірнеше эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Күдікті тағы бірнеше таныстарына несие алып, тіпті туыстарын банктер мен микрокредиттік ұйымдар алдындағы қарызға батырып үлгерген болып шықты.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз