Жігер Ауыпбаев өмірден өткен әжесін еске алып, көзіне жас алды — новости Казахстана

0

Өмірден өткен әжесін еске алған Жігер Ауыпбаев көзіне жас алды. «Ел аузында» бағдарламасына сұхбат берген әншінің көмейіне өксік тіреліп, сұраққа жауап бере алмай қалған деп жазады NUR.KZ.

Өзінің әжесі жайлы Instagram парақшасында жазба жариялап жүретін әнші, қарияны шілде айында соңғы сапарға шығарып салған болатын.

«Қажылық сапарына үлгерді. Бірақ келгеннен кейін бір айдан соң өмірден өтті. Кешіріңіздер», — деп көзіне жас алды әнші.

Айта кетейік, «Ел аузында» бағдарламасының толық нұсқасын сенбі күні «Астана» арнасынан көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Жігер Ауыпбаевтың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.