Жезқазғанда жемқорлар 288 млн теңгенің құбырын «жеп қойған»

0

Жезқазған қаласында орналасқан құбырдың 13 мың метрден астамы ұрланған, деп хабарлайды Kznews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды.

Ұрлық фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған.

Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған.

“Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған азамат коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес. Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.