Жезқазғанда мектепте сабақ кезінде өрт шықты

0
42

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Өрт еңбек сабағы кабинетінде басталған, өрт сөндірушілерге отты ауыздықтауға бірнеше минут қажет болды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша — Sputnik. Жезқазғанда №3 мектепте еңбек кабинетінде өрт шықты, 640 адамды білім ордасынан қауіпсіз жерге шығаруға тура келді. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі комиеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.

Оның хабарлауынша, өрт туралы хабарлама «101» қызметіне сейсенбі сағат 11.39-да түскен.

«Оқиға орнына мамандар келген кезде кабинеттегі құрылғылар, жиһаз, ағаш еден мен терезелер өртеніп жатты. Өрт толығымен сағат 12:10-да өшірілді. Оның аумағы 60 шаршы метрді құрады. Мамандар келмес бұрын мектептегі 640 адам, оның ішінде 570 оқушы қауіпсіз жерге көшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – дейді Нұрахметов.

Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтануы мүмкін.

Қызыл жалынды сөндіруге Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің 15 маманы мен 4 техника жұмылдырылған.



sputniknews.kz