Жезқазғанда 92 жастағы қария сайлау учаскесіне келіп дауыс берді

0

     Сайлау – мемлекет үшін аса маңызды саяси, тарихи оқиға. Бүгін, 20 қараша сайлау учаскесіне халықтың әр санатындағы азаматтар келіп, белсенділік танытуда. Жезқазған  қаласы, Кеңгір селосындағы №237 учаскесінде 92 жастағы Ордубаев Егімбай атты қария келіп, дауыс берді деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

«Бүгінгі сайлауға қатысып, дауыс бергеніме қуаныштымын. Еліміздің болашағына үлкен сеніммен қараймын. Жастарымызға «тек алға» дегім келеді. Қазақстанымыз гүлдене берсін»-деп, өз батасын берді Егімбай ата.

Жезқазған қаласында ҚР Президенттік сайлауында қариялар белсенді дауыс беруде деп хабарлайды қалалық сайлау комиссиясы.