Жезқазғанда 45 отбасы 25 жыл бойы баспанасын жекешелендіре алмай жүр

0

Жезқазған қаласында тұратын 45 отбасы 25 жылдан бері баспаналарын жекешелендіре алмай келеді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Қазір бес қабатты үйде тұрып жатқан 45 отбасының барлығының басындағы жағдай осы. Баспаналарын басыбайлы меншіктей алмай келеді.

Айтуларынша, әу баста пәтерге қоныстанған кезде жекешелендіріп береміз деген келісім болыпты. Бірақ кейін уәде сұйылып кеткен.

Бұрын жатақхана болған бұл ғимарат 1992 жылы кен өндіру компаниясына мерзімсіз пайдалануға беріледі. Ал олар қарамағындағы жұмыскерлерге үлестіріп берген. Бірақ баспана республикалық меншікте болғандықтан жекенің қолына өткізу заңға қайшы. Сондықтан ең әуелі ғимаратты коммуналдық меншікке алу керек.