Жезқазған мыс балқыту зауыты толық қуатымен жұмыс істей бастады

0
22 Желтоқсан 2018, 16:27 512 0

Фото: karaganda-region.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Бүгін «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС қарайтын Жезқазған мыс балқыту зауыты өз жұмысының толық қуаттылығын қайта жаңғыртты. Мұнда екінші рудотермиялық пеш (РТП) іске қосылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

2009 жылдан бастап кәсіпорында толық жүктеме үшін шикізат жеткіліксіз болғандықтан тек бір пеш қана жұмыс істеген болатын. Енді, көп жылдарға созылған үзілістен соң, зауыт толыққанды жұмыс режиміне оралды.

Екінші рудотермиялық пешті іске қосу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов және «Kazakhmys Holding» ЖШС директорлар Кеңесінің Басқарма төрағасы Эдуард Огай болды.

Мыс балқыту зауытының металлургтерін құттықтай келе, аймақ басшысы аталмыш өндіріс ошағының тек біздің облыс үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды екенін атап өтті.

«Егер зауыт он жыл көлемінде өзінің жартылай қуаттылығына ғана жұмыс істеп, 100 мың тонна мыс өндірген болса, енді екінші пештің көмегімен еліміз 200 мың тонна мыс алатын болады. Бұл, бірінші кезекте, Елбасының тіклей тапсырмасымен Жезқазған маңында жаңа минералды кен орындарын барлау, ашу және құрудың арқасында мүмкін болып отыр. Жезқазғанның болашағы үлкен деп ойлаймын», — деді Ерлан Қошанов.

Кәсіпорында шикізат базасын кеңейте алды. Ол сонымен қатар «Каз Минералс» ЖШС жаңа тау-кен байыту нысандары іске қосылған соң жүзеге асырылды.

«Бүгін біз Жезқазған мыс балқыту зауытының қайта жандануына куә болып отырмыз. Бірінші кезекте мен Елбасымызға 2012 жылы «Қазақмыс» корпорациясының руда-шикізат базасын толықтыру туралы шешім қабылдағаны үшін алғысымызды білдіргім келеді. Сонымен қатар зауыт ұжымына да үлкен рахмет дегім келеді – осының барлығы сіздердің көз алдарыңыздан өтті. Нәтижесінде өндірісмізде барлығы қайта жанданып, бұрыңғыдай жұмыс істеуді бастап келеді», — деп атап өтті «Kazakhmys Holding» ЖШС директорлар Кеңесінің Басқарма төрағасы Эдуард Огай.

ЖМЗ екінші пештің іске қосылуы 600-ге жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Екі пештің жұмыс істеуі барысында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы саны 2000 адамнан асады.

Бүгінгі таңда зауыттың қуаттылығы – жылына 220 000 тонна катодтық мыс өндіру. Айта кету керек, ЖМЗ-да мысты катодқа жылпылай бөліп алу дәрежесі жоғары — 98% асады.

«Жезқазған аймағының дамуы Елбасының ерекше назарында. Бірнеше жыл бұрын Президенттің тапсырмасымен республикалық маңызы бар теміржол тартырған болатын. Сонымен қатар құрылыс және жол инфрақұрылымдары да жақсартылуда: тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде, жолдар жөнделіп жатыр. Келесі жылы үлкен спорт кешені және дарынды балаларға арналған мектеп салынады. Осының барлығы Елбасының аймақтарды дамыту туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Егер өндіріс әрі қарай дамыса, әлеуметтік мәселелер де шешіледі деп ойлаймын», — деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Жезқазған тұрғындары үшін тағы бір қуанышты оқиға заманауи ULY DALA гипермаркетінің ашылуы болды. Ол басқа дүкендердегіге қарағанда онда бағалары төмен екендігімен ерекешеленеді. «Кazakhmys Holding» құрылысқа 2 млрд теңге инвестиция салған. Жобаның бас мердігері және операторы «ПИК «Ютария ltd». ЖШС болып табылады.

«Бұл нысанды құру барысында «Кazakhmys Holding» отбасылық бюджетті қолдап, пайдалы тағам ұсынуды мақсат қылған. Біз негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларын талдадық. Біздің гипермаркеттегі негізгі тұтынушылық себетінің бағасын төмендігі орташа есептегенде 28,7% құрайды. Біз бұған өнім өндірушілермен және жеткізушілермен тікелей жұмыс істеудің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Гипермаркетімізде шамамен 50 отандық компаниялардың өнімдері қойылды», — деді «ПИК «Ютария ltd». ЖШС жетекшісі Сәуле Шәуенова.

Бұл нысандағы барлық процесстерді басқару үшін автоматтандырылған есептеу бағдарламасы, әлемдік өнім өндірушілер тауарларының өзіндік құнын есептейтін бағдарлама, ұрлыққа қарсы жүйе орнатылған.

ULY DALA гипермаркеті Жезқазған-Сәтпаев жолында орналасқан Ол үлкен айналымға шақталған – күніне 3000 сатып алушыға дейін. Гипермаркеттің ашылуы 180 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ