«Жезөкшелік пен азғындық»: Вебкам-студиялардың қызметіне тыйым салынды
Қырғызстанда вебкам-студиялардың қызметіне тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қырғызстанда интернетте тікелей эфирде «жезөкшелік пен азғындықты ұйымдастырғаны» үшін енді 100 мың сомнан ($1157) 200 мың сомға ($2313) дейін айыппұл немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру, балаларды мұндай қызметке тартқаны үшін — мүлкін тәркілеумен 15 жылға дейін түрме жазасы қарастырылған.
Тиісті заңға ҚР Президенті Садыр Жапаров қол қойды.
ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ВЕБКАМ
2021 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті елде вебкам индустриясының қарқынды дамып келе жатқанын мәлімдеді. Оған тартылған модельдер көбіне вебкам-студияларды ұйымдастырушылардың күңіне айналатыны, оларды қорқытып, интимдік фотосуреттері мен бейнелерін әлеуметтік желілерде жариялаймыз немесе туыстарына жібереміз деп қорқытатыны айтылған.
Бақылаушылардың бағалауы бойынша, Қырғызстандағы вебкам-студияларда шамамен бес мың қыз жұмыс істейді.