Жетісудағы жалғыз университетте 6 мыңға жуық электронды кітап қоры бар

0

Жетісу облысындағы жалғыз жоғары оқу орыны Ілияс Жансүгіров атындағы оқу ордасының негізі қаланғанына биыл аттай 50 жыл толды. Ширек ғасырға жуық талай ұрпақты түлетіп, білімді маман даярлап шығарған білім ошағы өзінің кемлденген шағына жеткен.

Білімнің қайнар көзі – кітап, күре тамыры қазынаға толы сөререлер десек артық айтандық емес. Сондықтан да іргелі оқу ордасына тиесілі Ғали Орманов атындағы кітапхана – университеттің жетекші бөлімшесі.

Қазіргі таңда кітапхана саласын модернизациялау, интеллектуалды ортаны қалыптастыру бағытына бет бұру – бүгінгі күннің талабы. Заман ағымына қарай Жетісудағы бас оқу ғиаратындағы кітапханадағы қызмет түрі де жандану үстінде.

50 жылдық тарихы бар университеттің кітапханасындағы басты қазынларадың қатары әдебиеттермен сапалы толықтырылып, түскен оқулықтар, ғылыми және көркем әдебиеттер саны жылдан-жылға артуда.

Цифрландыру ісі әр салада қарқын алған жаһандану кезеңінде Жетісу университетінің кітапханасы технологиялық тұрғыдан тұрақты түрде даму үстінде. Сәйкесінше, оқырмандармен жұыс істеу жүйесі де жаңа жағдайға бейімделген.

Бүгінде бас оқу ғимаратының жанындағы бұл кітапханада оқырман қауым назарына ұсынылған электронды кітап қоры бар. Бұл өз кезегінде білім алушы жастарға кез келген уақытта сапалы білімге және қажетті джерекке қотл жеткізуге мүмкіндік беруде.

Университет оқырмандарына электронды кітапханаға онлайн қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы ақпараттық және кітапханалық кеңістікті кеңейте түсуде.
Айта кетейік, кітапханада отандық деректер – республикалық ЖОО аралық электронды кітапхана (ҚР ЖОО қауымдастығы), «Эпиграф» баспасы, «Ақнұр-пресс» баспасы, бірыңғай электронды кітапхана, ҚазҰЭК, сондай-ақ, Thomson Reuters, Elsevier, Scopus сияқты халықаралық деректер қоры қолжетімді.

Естеріңізге саламыз, кітапхананың жеке электронды базасы бар. Әрбір студент пен оқытушы осы базадағы жеке кабинетке кіре алады. Бұл базада толық мәтінді түрде ашылатын 5760-тан астам кітап жинақталған.

Білім алушы өзіне қажетті кітаптың электрондық нұсқасына жеке кабинеті арқылы өтінім бере алады. Аталған мүмкіндіктер университет оқытушылары мен студенттерге қазақстандық жоғары оқу орындарының, халықаралық базалардың, университеттің кітапхана қорының оқу-әдістемелік әдебиетін қолжетімді етеді.