«Жетісу облысында өз шәкіртін зорлады деген күдікпен мұғалімі ұсталды»

0

«9 қарашада Жетісу облысының таулы аймағында шекарашылар кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттерді жасады деген күдікпен облыс тұрғынын ұстады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Жетісу облысы, Сарқанд ауданында математика пәнінің мұғалімі өз шәкіртін зорлады деген күдікке ілініп, екі күннен бері іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, 35 жастағы күдікті 10 жыл бойы Сарқанд қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Одан бөлек, ол зорланған 14 жастағы ұлдың жездесі болып шыққан.

Қылмыс Сарқанд қаласындағы қонақүйлердің бірінде болған. Бөлмелердің бірінен көмек сұраған шудың дауысы естілгендіктен қонақүй әкімшісі келген. Ол баланы босатып, полиция шақырғанымен қылмыскер қашып үлгерген болатын.

Ақпарат: Nege.kz

фото: ҰҚК