Домой Жаңалықтар Жетісу облысында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті  

Жетісу облысында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

0
87

Талдықорған қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығында «Халық заңгері» атты республикалық акциясы өтіп, қарапайым қала тұрғындарын толғандырған мәселелерді шешудің жолдары қарастырылды.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды, заңдық тұрғыдан кеңес беруді мақсат еткен республикалық акцияға заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың 25 маманы қатысып, шағым айтушылардың барлық сұрағына жауап берді. Атап айтқанда, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бас мамандары, қала әкімінің орынбасарлары білім, салық, денсаулық сақтау, құқық қорғау, құрылыс, табиғит қорғау сынды салаларға қатысты мәселелерді түйінін тарқатып, кеңес берді.
«Халық заңгері» республикалық акциясына қатысып, әділдік іздеген жандардың қарасы көп.Игілікті шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, кешкі сағат 16.00-18.00 аралығында өткен акцияға 300-ден астам адам жүгінген.
Ұйымдастырушылардың пікіріне қарағанда, акцияға шақырылған мамандар тұрғындарға тегін кеңес беруді жалғастыратынын жеткізген. Яғни, бұдан кейін кімге барарын білмеген тұрғындар облыстық басқармалар мен департаменттерге жүгініп, заңдық кеңесті тегін ала алады.