Жетісу облысында екі ер адам итті өлтіріп, сойып тастаған

0

Жетісу облысы Текелі қаласында екі ер адам итті өлтіріп, сойып тастаған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жетісу облысы Текелі қалалық соты денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және жануарларға қатыгездік көрсету бойынша айыпталған 3 адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

“Осы жылдың қыркүйек айында Текелі қаласында ер адамдар К, С және П бірге уақыт өткізіп, ішімдік ішкен. Жолда олар М есімді азаматты кездестіріп, өздеріне қосылуды ұсынады. Дастархан басында жәбірленуші М мен айыпталушылар арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Төбелес нәтижесінде жәбірленуші дене жарақаттарын алып, бұл жарақаттар денсаулыққа жеңіл зиян келтіру деп бағаданды. Жанжалдан кейін К және С жәбірленушінің итін өлтіріп, оның етінен тамақ дайындауға шешім қабылдаған. Сол мақсатта олар итті ваннаға апарып өлтірген, бірақ оның етін пайдаланудан бас тартқан”, – делінген ақпаратта.

Жәбірленуші сотқа айыпталушылармен татуласуына және келтірілген зиянды өтеуіне байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап жүгінген.

“Айыпталушылар кінәларын толық мойындап, істегендеріне өкінетіндерін білдіріп, жәбірленушінің өтінішін қолдады және оларға қатысты қылмыстық істі ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатуды өтінген.

Сот жәбірленушінің өтінішін қанағаттандырып, С және П қатысты қылмыстық істі ҚР ҚК 68-бабына сәйкес тоқтатты. К-ға қатысты қылмыстық іс 2023 жылдың ақпан айында бір рет тоқтатылғандықтан, заңнамаға сәйкес, оның ісі тоқтатылуға жатпайды. Айып тағылған баптың санкциясы бір жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасын қарастырады. Кінәні жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот күдіктілерге 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады”, – делінген соттың хабарламасынжа.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, Ақтөбедегі ауылдардың бірінде оқушы мойнына жіп байланған итті сүйреп, қатыгездікпен пышақтап тастағаны туралы хабарлаған едік.