Жетісу облысында 8-сынып оқушыларын жезөкшелікке мәжбүрлеген әйел ұсталды

0

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

«Жетісу облысында кәмелетке толмаған екі қызды тоғыз ай бойы алдау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 1993 жылы туған әйел анықталды. Жәбірленушілер 2008 жылы туған, 8-сынып оқушылары», — деді Шұғыла Тұрлыбек.

Айтуынша, күдікті қыздардың қызметінен түскен табысты жеке дара иемденіп отырған.