Жетісу облысында 17 жасар жасөспірім құрдастарына пышақпен шабуыл жасады
Бұл оқиға Көксу ауданы Балпық би ауылында орын алды.
Бірнеше пышақ жарақатымен 17 және 18 жастағы екі ауыл тұрғыны аудандық ауруханаға жатқызылды. Қазір дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалайды. Алайда олардың бірі әлі де реанимация бөлімінде.
Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ұсталып, қамауда отыр. Ол 17 жаста. Іс «кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша тергелуде.
Ақпарат: http://t.me/orda_kz
Фото: sarnovosti.ru