Жетісу облысы ТЖД бастығы Бауыржан Ізбасаров әшкереленді

0

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Бауыржан Ізбасаров әшкере болды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Ізбасаров жемқорлыққа байланысты әшкереленген.

«Иә, оның жемқорлыққа байланысты әшкереленгенін растаймыз. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайды. Толық мәлімет сәл кейінірек болады», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, Бауыржан Ізбасаров Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы лауазымына 2022 жылдың тамызында тағайындалған болатын.