Жетісу облысы инвесторлар үшін қандай мүмкіндіктер береді? — Бейбіт Исабаев жауап берді
Бүгін «Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында көшпелі баспасөз конференциясы өтті. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев сөз сөйлеп, журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Kznews.kz.
Бейбіт Исабаев Kznews.kz тілшісінің «Жетісу облысы инвесторлар үшін қандай мүмкіндіктер береді және несімен тартымды?» деген сұрағына жауап берді:
Инвесторлар үшін бізде арнайы ауылшаруашылық жерлері, өндіріске, завод, фабрика салатын жерлерге инвест жоба бойынша жер тегін беріледі. Егер де өндірістік мекемелер экологиялық талаптарға сай жасалатын болса, еңбек өнімділігін, жаңа жұмыс қолдарын ашатын болса, рейтингі жоғары болса, оларға суды, жарықты пайдаланғанда, тарифтерінде жеңілдік қарастырылған. Ал арнайы экономикалық аймақтарда (Талдықорған, Достық, Қорғас аймақтары) істейтін инвесторларға, кәсіп орындарға жаңағы айтылғандардан бөлек салық режимінде жеңілдіктер бар, біраз салықтың түрлерінен олар босатылған.