Жетісайлық әйел өгей қыздарын қалай азаптағанын дәптерге жазып отырған

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

224 0 0

Түркістан облысындағы өгей қыздарын қорлаған әйел туралы тың деректер шықты

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. 28 жастағы жетісайлық әйелдің өгей қыздарын азаптау тәсілдерін дәптерге жазып отырғаны белгілі болды.

Дәл қазіргі уақытта үш жасөспірім ауруханада жатыр. Қатты психологиялық қысымға ұшыраған қыздар үрейленіп қалған. Көрген қорлықтарын ашып айтуға да қорқады, деп жазады otyrar.kz

Өгей шеше арнайы дәптерге қыздарды қалай азаптағанын жазып отырған. Ол қыздарды қысқыш, оқтау, инемен қинаған. Ал шәйлеріне ыдыс жуатын гель қосып береді екен. Аяқтарын ыстық суға малған. «Әкелерің келгенде күліп тұрыңдар» деген қатаң тапсырмасы да болыпты.

Мұндай азапқа қыздар «әкеміз тағы да ауырып қалмаса екен» деген ниетпен төзіп жүріпті. Әкелері қыздардың анасымен ажырасқанда инсульт алып, қатты ауырған екен. Әкелерінің қиналғанын көрген қыздар тағы да осы жағдайдың қайталанбауы үшін төзіп баққан. Адамға тән емес айуан әрекетке барған өгей шеше қыздарды «түрмеге түссем де, қайтып келген соң естеріңнен кетпейтіндей етіп, кек аламын» деп қорқытады екен.

Өгей ананың не үшін мұндай қорлық көрсеткені жұмбақ күйінде қалып тұр. Қамауға алынған оның 1 жас 7 айлық ұлы бар. Одан бөлек, 7 айлық шарана күтіп отыр екен. Өзі ана бола тұра, өгей қыздарына күн көрсетпеген оның бұл қылығын туыстары да түсіне алмай әлек. Әбден ашынған қыздардың туыстары «өгей шеше қатаң жазасын алсын» деп отыр.

Полицияның хабарлауынша, бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті әйел қамауға алынды. 



sputniknews.kz