Жетісайда күйеуінен таяқ жеген келіншек қайтыс болды

0
284
Фото liter.kz сайтынан алынды

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауылдардың бірінде күйеуінен таяқ жеп, ауруханаға түскен 30 жастағы келіншек өмірден өтті. Марқұмды күйеуі балаларының көзінше ұрған, деп жазады жергілікті otyrar.kz сайты.

Басылым мәліметінше, жәбірленуші бір апта бойы есін жия алмаған. Оның өмірі үшін 11 дәрігер арпалысқан, алайда келіншек жансақтау бөлімінде көз жұмған. Келіншектің 4 баласы болған, үйдің кенжесі жасқа да толмаған.

Түркістан облысы құқыққорғау органы қызметкерлері күдікті ұсталғанын, қылмыстық кодектің 106-бабы 3-бөлімі (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша іс қозғалып, күдікті 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлады.

Күдікті 2017 жылы тонау қылмысы бойынша сотталып, үлгілі тәртібі үшін екі жылдан соң босап шыққан.