Жетімдер үйінің түлегі: Ұлдарымызға Америкада емес, өз ата-анасымен қалуды бұйыртсын

0

Балалар үйінің түлегі Бекебаев Самат жаңа заң әр отбасының берекесін қашырып елдің тұтастығына үлкен қауіп екенін ескертеді.

Қазақстанның болашағы жетімге тола болады. Балалар үйінің түлегі жаңа заңға қатысты өзінің пікірін білдірді.

«Айта кетейін бізде жетімдер саны өте көп және оны азайту мүмкін болмай жатыр. Бюджеттен асырап алуға бөлінетін қаржы да мәз емес. Сондықтан балаларды асырап алушыдан гөрі тастаушылар көп. Егер жаңа заңнама қабылданса, онда тірі жетімдердің саны алты есеге артады. Жеке басым мені бір емес бірнеше отбасы асырап алуға ниет білдірген.

Алайда балалар үйінің басшылары немесе Шымкенттік басқарма басшылары апта сайын ай сайын мені асырап алған отбасылардың үйіне кез келген уақытта барып тексеру жүргізеді. Көптеген құжатқа байланысты кедергілер болады. Ал оған себеп мені балалар үйіне қайтару. Мен сияқты мыңдаған балалар үйінің түлегі бар.

Көбісін бір емес бірнеше отбасы асырап қайта балалар үйіне әкелген. Болашағымыз жетім мен қарттар үйі тола болады. Қысқасы Ұлдарымызды Америкаға немесе шетелге емес, немесе балалар үйі мен түрлі жетімдер үйінде емес тек өз ата-анасымен қалуды бұйырсын», — дейді Самат Бекебаев.