Жетім балалармен кездескен Төреғали Төреәлі халықты риза етті (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Үнемі ел аузында жүретін Төреғали Төреәлі бұл жолы игі әрекетімен көзге түсті. Өнер иесі қызылордалық жетім балалармен кездесіп, оларға сый жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші бір күндік уақытын ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арнады. Ол балаларға арнап ән шырқап, олармен бірге тал отырғызды. Сондай-ақ, бір дастархан басында әңгіме-дүкен құрып, оларға сыйлықтарын тарту етті. 

Мұны көрген жұрт Төреғалиге риза болып, батасын берді. 

«Алла разы болсын саған», «Жарайсың Төреш», «Көзіме жас келді, Алла сені жебеп жүрсін», — деп ақ тілегін білдірді оқырмандар. 


 



stan.kz