«Жесір қаламын ба деп қорықтым» — Гүлзира Айжарбекова күйеуін әлдекімдер пышақтап кеткенін айтты

0

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуін пышақтап кеткен кезді еске алып, жазба жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Продюсер жесір қаламын ба деген қорқынышы болғанын айтады.

Қайрат бес айлық болған кезде, Нұртасты тәжірибеден өтуі үшін Павлодар қаласына алып кетті. Ол кезде күйеуім әлі оқитын. Сол кезде 25 бала болып, дискотекаға барған. Жергілікті жердің 50-60 баласы бұларға жабылады. Олардың қолында пышақ болған. Сол жерде Нұрекеңе пышақ сұғады. Ойлаңызшы, аяқ астынан сізге хабарласып, «Күйеуің пышақталды» дейді. Күйеуімнің не өлі, не тірі екенін білмеймін. Осымен жесір қаламын ба деп ойладым, деп жазды ол.

Продюсер күйеуіне көмектесу үшін бес айлық баласы Қайратты Шымкентке салып жіберген.

Содан Нұрекеңе көмектесемін деп шештім. Бес айлық Қайраттың тамақтарын дайындап, қайын ініме тапсырып, Шымкентке салып жібердім. Солай күйеуіме ұштым, — деді Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова мен күйеуі Нұртас Айдарбектің үш ұлы бар.

фото: әлеуметтік желіден