«Жерлеу рәсіміне қатыспайды» — Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа інісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Бұл ретте Уәли Тоқаевтың жерлеу рәсіміне қатыспайтынын баса айтты.

«Мемлекет басшысы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеу рәсіміне қатыспайды»,- деді Уәли.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Болат Назарбаевтың қазасына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, тұңғыш президенттің інісі ауруханада ауыр халде жатқан болатын. Бүгін оның қайтыс болғаны белгілі болды.

ақпарат: Orda.kz

фото: ғаламтордан