«Жеріміз кеңіді»: Желі қолданушысы зілзаладан кейін бас сауғалағандарды мазақ қылған «мейірімсіз алматылықтарға» үндеу жасады
Желі қолданушысы жер сілкінісінен қорқып қашқан сырттан келушілерді табалап, мазақ еткен жергілікті тұрғындарға ашуланды. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Санжар есімді жігіт Tik Tok желісінде “мейірімсіз алматылықтарды” адамгершілік танытпадыңдар деп наразылығын білдірді.
“Бұл бейнеүндеуде Алматының жергілікті тұрғындарына арнаймын. Алматыда жер сілкінісі болды. Зілзала туралы кез келген видеоның астындағы пікірді оқысаңыз “мейірімсіз алматылықтардың” жазғандарын табасыз. “Сырттан келгендер кетті-ау”, “Жеріміз кеңіп қалды”, “Мен жер үйде тұрамын, көпқабатты үйде тұратындар, өздерің қинала беріңдер” деп жазғандар да бар. Түсінесіңдер ме, бұл адамгершілікке жатпайды. Тіпті біреулер “Білмеймін, мен үйімде жаттым. Ал пәтер жалдап тұратындар, қорқып далаға қашты” деп жазыпты. Адамдар өз қауіпсіздігін ойлап жүр”, – дейді ашынған ол.
Пікір жазғандардың арасынан кейбір алматылықтардың мұндай дүмпулерге үйренісіп қалғанын және оның қалыпты жағдай екенін айтады. Алайда Санжар мұнымен келсіпейді.
“Бас сауғалап қашқан адамдарды мазақ еткендерді түсінбеймін. “Біз тұрғылықты алматылықтармыз, мұндайға үйреніп қалғанбыз” деп олар өздерін. Мұндайға үйреніп қалуға болмайды, естерің дұрыс па? Зілзала кезінде бәріміз шарасыз күйде болдық. Дүмпулер тоқтай сала әуелі далаға шығу керек. Адамдар отбасы, бала-шағасы үшін қорқады. Өз қауіпсіздігіңді ойлауың керек. Оларды мазақ етудің қажеті жоқ. Сондай адамдар үшін мен ұяламын. Өз әрекеттеріңді, сөздеріңді ой елегінен өткізіңздер. Сұмдық”, – дейді Санжар.
Алайда алматылықтар өз ойларынан қайтпақ емес. Көбінің қаладан шет жаққа кетуі оларға жаққан көрінеді.
“Басқасын білмеймін, бірақ кептеліссіз жүрген ұнап қалды”, “Сырттан келгендер адамгершілік танытып жатыр ма? Біз барынша шыдап бағудамыз, бірақ шыдамның да шегі бар”, “Жасыратын несі бар? Бәрі кетіп еді жеріміз кеңіді. Көліктер азайды”, Алматылықтар мұндай дүмпуге үйреніп қалған, сол себепті үйлерінен шықпады. Оған ренжитін түгі жоқ”, “Алматыға 500 мың адамға сыя ды. Көліктердің нөмірлеріне қарасаң бүкіл Қазақстан Алматыда жүрген сияқты. Сырттан келгендерге қалай адамгершілік танытамыз?”, – деп жазды олар.
Санжардың ойын қолдап, тұрғылықты халықтан сыйластық танытуын сұрады.
“Зілзаладан кейін адамдар бір-біріне мейірімділік таныта ма десем… Ұят тірлік”, “Жергілікті ме, сырттан келген бе, бәрбір емес пе?! Мүмкіндік болса бас сауғалау керек”, “Қазір адамдарда мейірім қалмаған”, “Дұрыс айтасыз, адамдардің көбі мұның қаншалықты қауіпті екенін түсінбейді”, “Табиғи апат сенің жергілікті екеніңе қарамайды”, – деп пікір қалдырды.