«Жергілікті Хатико»: Ит коронавирустан көз жұмған иесін үш айдан бері аурухананың алдында күтіп жүр

0
467

Ресейдің Кемерово қаласындағы аурухананың алдын үш айдан бері торуылдаған ит жұрттың көңілін елжіретті. Жергілікті тұрғындар иттің коронавирустан көз жұмған иесін күтіп жүргенін айтады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ит коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананың алдында үш айдан бері жүр. Жергілікті тұрғындар оның ауруханаға түскен иесін күтіп жүргенін айтады. Алайда иттің иесі осында үш ай бұрын аурудан көз жұмған.

Тұрғындар итті «Хатико» деп атап кеткен.

«Төбет адамдарға агрессия танытпайды, аурухананың алдынан кетпей жүр. Итті өзіммен алып кеткім келді, бірақ ол маған келмей қойды. Кері қарай қашады, болды. Иесінің итке жақсы баққаны көрініп», — деді Кемерово тұрғындарының бірі.