Жерге ірі астероид жақындады – NASA

0

Нысан біздің планетамызға 22 наурызда максималды жақындап, Жерден 305 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді.

EA2 деп аталатын ірі астероид Жерге Айдан да жақын қашықтықта ұшып өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Нысан 22 наурызда біздің планетамызға максималды жақындап, шамамен 305 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді, деп күтілуде. Бұл Жер мен Айдың арасындағы қашықтықтан 80 мың мың шақырымға жақын.

Астероидтың жылдамдығы шамамен секундына бес шақырым, ал диаметрі –18-ден 40 метрге дейін.

Қыркүйек айында NASA ғалымдары Жерге көлемі 70-тен 160 метрге дейін жететін SP1 астероидының жақындағанын хабарлаған болатын, ол бізден 5,87 миллион шақырым қашықтықта ұшып өткен.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



[ad_2]

Zakon.kz