Жерге екі алып астероид жақындап келеді

0

Ғарыш

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Астероидтардың бірінің диаметрі 650 метр, салыстырмалы түрде айтар болсақ, Останкино мұнарасының биіктігі 540 метрге тең

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. 14 қыркүйекте Жерге бірден екі үлкен астероид жақындайды.

2000QW7 астероидының диаметрі – 290 метрден 650 метрге дейін. НАСА агенттігі аспан денесінің планетадан 5,3 миллион шақырым қашықтықта ұшып өтетінін хабарлады.

Сол күні Жерге шамамен дәл осындай қашықтықпен 2010CO1 астероиды жақындайды. Оның диаметрі – 120 метрден 260 метрге дейін.

Тағы оқыңыз: Жерге ірі астероид жақындап келеді — видео

Бұған дейін 28 тамызда 2019 OU1 астероиды Жерден миллион шақырым аралықта ұшып өтетіні белгілі болған еді.

Еске сала кетсек, ресейлік ғалымдар Апофис астероидының Жерге жақындап, тіпті ғаламшармен соқтығысуын болжаған болатын. Астрономдардың топшылауынша, бұл 2068 жылы болуы мүмкін.



sputniknews.kz