«Жер шетелдіктерге сатылмайды» Тоқаев президент ретіндегі берік ұстанымын айтты

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында жұмыс сапарымен жүр

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жердің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Қостанай облысында шаруа қожалықтары басшыларымен болған кездесуде айтты.

«Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің президент ретіндегі берік ұстанымым!», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды.

sputniknews.kz