Жер сату? Тоқаевтың бұл тапсырмасы тағы да саяси ойын
Жерді сату мен жалға беру туралы Тоқаев үнемі уәде берумен келеді. Бірақ, Мемлекет басшысының сөзі тек сөз жүзінде қалып отыр. Жердің сатылмайтыны, жалға берілмейтіні туралы заңға нақты, анық бап енгізілген жоқ.
Бұл туралы әлеуметтік желіге профессор, қоғамдық белсенді Есенғазы Қуандық жазды.
«Тоқаевтың бұл тапсырмасы тағы да саяси ойын, халықтың наразылығын басу үшін жасалған кезекті алдау әрекеті.
Тоқаевтың сөзін биліктегілер мойындамайды, оған көздерің жетіп отыр.. Әділ сайлау өткізетіні ҚАЙДА? Назарбаев маңайындағы өз адамдарына айтатын «мен халыққа дұрыс жағын айта берем ал сендер өздерің білетіндей келісілгендей жасаңдар» деп Назарбаевтың ең жақын жанында жүрген бір министр айтқанын естігем.
Куыршақ парламентпен келісіп қояды сендер қисындырып, сол бұрынғыдай жалға беріледі деп қабылдаңдар заңды. Содан соң Тоқаевың ақталады, бұл демократия мен не істеймін деп. Өлмеген өгіздің терісінен дәмеленбеңдер. Саясаттан хабары бар адамдарды тыңдамайсыңдар бәрің «білгіш» «көріпкел» «саясаткерсіңдер»
Содан кейін өздерің ура-ура деп алданып тағы бір «қосановтан» көресіңдер. Сондықтан заң қабылданып газетке басылғанда ғана УРА дейсіңдер!» деді қоғам белсендісі.