Жер көшкінінен бүкіл ауыл теңізге батып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Норвегияда жер көшкінінен көптеген үйлер құлап, теңізге қарай ығысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Altaposten басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға 3 маусымда орын алған. Жазбада ондаған үйлер орналасқан жер біртіндеп теңізге қарай жылжи бастайды. Жердің бетіндегі жарықтар үлкейіп, содан кейін үйлер құлап, теңіз суына бата бастайды. Сонымен қатар бейнежазбада жер қабаттарының бір-біріне соғылып жатқанын байқай аласыз.

Бейне авторы Ян Эгил Бэккабридің айтуынша, ол өз ауласында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Түскі асқа баратын кезде жарылыстың дауысын естігендей болады. Бэккабри көшкіннің өте тез болғанын, тек заттарын алып қашып үлгергенін айтады. Оның үйі де көшкінмен бірге теңізге кеткен. 

Бұл котедждерге иелері тек жаз мезгілінде келетін болып шықты. Жалпы есепте 8 үй зардап шеккен. Қуанышқа орай адамдар бұл үйлерге тек демалыс күндері келеді. Сол себепті зардап шеккендер жоқ 

stan.kz