Жеңістің рухани-өнегелік мәні өзгермейді – Путин

0
32

Ресей Президенті Владимир Путин Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және барша ресейлікті Жеңіс күнімен құттықтады. Ол Жеңіс күні кейінірек салтанатты түрде аталып өтетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Александров саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Жеңіс күніне арналған үндеуінде ол ардагерлер мен барша ресейлікті құттықтап, Жеңістің мәні өзгеріссіз қалатынын атап өтті.

Белгісіз сарбаз зиратына гүл шоқтарын қойғаннан кейін Владимир Путин құттықтау сөз сөйледі.

«Жеңіс күнінің мәні өзгеріссіз қалады. Бұл – біздің етелігіміз бен мақтанышымыз, еліміздің тарихы. Әр отбасының тарихы. Әкелеріміз бен аналарымыз, ата-әжелеріміз бізге берген жанның бір бөлігі», – деп атап өтті Ресей президенті.

Владимир Путин ардагерлерге ерекше алғыс білдірді.

«Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін өлшеу және өтеу мүмкін емес, уақыт олардың болат рухына өктемдік ете алмайды», – деді ол.

Ресей президенті Жеңіс күніне орай мерекелік шаралар міндетті түрде өтеді деп уәде берді.

«Біз мерейтойлық датаны әдеттегідей кең ауқымда және салтанатты түрде атап өтеміз, оны абыроймен атқарамыз, өйткені ол Жеңіске қол жеткізгендердің алдындағы біздің борышымыз. Қызыл алаңдағы басты парадымыз да, «Мәңгілік даңқ» халықтық шеруі де болады», – деп нақтылады Путин.



sputniknews.kz