Жеңіс Ысқақова күйеуін неліктен Алматыға тастап кеткенін айтып берді (видео) — новости Казахстана
Отандық әнші Жеңіс Ысқақова 2017 жылы балалары мен күйеуін Алматыға тастап, неліктен Астанаға кетіп қалғанын мәлім етті. «Ойбай Life» бағдарламасына қонаққа келген әнші елордадағы басшылық қызметін тастап, оңтүстік астанаға қайта оралған деп хабарлайды NUR.KZ.
«2017 жылы балам жанұя құрғаннан кейін маған Астана қаласындағы Қазақ өнер ұлттық университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева ұсыныс жасады. «Эстрада өнер вокалын басқарып, әртістерге, болашақ мамандарға басшы болсаңыз» деп айтты. Сосын мен жолдасыммен ақылдасып, «Астанаға шақырып жатыр. Барсам қайтер екен» деп сұрадым.
Ал күйеуім «Бала үйленді. Барып көр. Әнші ретінде өзіңді дәлелдедің. Енді басшы ретінде өзіңді сынап көр» деді. Солай күйеуімнің рұқсатын алып, Астанаға жол тартқан болатынмын», — деді әнші.
Сондай-ақ Жеңіс Ысқақова күйеуі мен балаларының өзін әлі күнге еркелетіп жүретінін де жасырмай айтып берді.
«Мен бақытты анамын! Бақытты әйелмін! Жүрегім әлі күнге бала сияқты. Күйеуім де, балаларым да еркелетіп жатады», — деп ағынан жарылды Жеңіс Ысқақова.
Естеріңізге сала кетейік, Жеңіс Ысқақованың әндерін біздің «Музыка Нұр» қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар