Жеңіс Қасымбек Головкинге қандай уәде берді?

0
22

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

https://sputniknews.kz/images/1225/39/12253994.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/sport/20191210/12254061/Qaragandy-Golovkin.html

Жеңіс Қасымбек пен Геннадий Головкин кездесіп,  Қарағанды облысында спорт саласын дамыту жайын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесті. Бұл туралы өңір басшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.   

«Геннадий Головкинмен кездесіп, Нью-Йорктегі жеңісімен құттықтауға мүмкіндік туды. Бірге отырып Қарағанды облысында спорт саласын дамыту жайын талқыладық», – деп жазды ол.

Қасымбектің айтуынша, Геннадий ерекше қамқорлықпен Майқұдықтың спорт инфрақұрылымы туралы сұраған.

«Келесі жылы атақты «Литейщик» стадионын қалпына келтірумен айналысуға және Магнитогорская көшесін толық жөндеуден өткізуге уәде бердім», – деп атап өтті облыс әкімі.

Тағы оқыңыз: Кеше біртүрлі жағдай болды – Деревянченконың мәлімдемесі жұртты таңғалдырды 

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 2020 жылдың ақпаны немесе наурызында өтеді деп жоспарланып отыр. Қарсыласы поляк Камил Шеремета болуы мүмкін. GGG отанына ұшып келерден бұрын Италияға барып, «Ювентустың» жұлдызды ойыншысы Криштиану Роналдумен кездесті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз