Жеңілмеген қазақстандық боксшылар әлемдік рейтингте көтерілді

0
Спорт

Қысқа сілтеме алу

30 0 0

Үш қазақстандық боксшы да Мәскеуде өткен бокс кешінде жеңіске жеткен

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Кәсіби рингте жеңілмеген қазақстандық былғары қолғап шеберлері әлемдік рейтингте жоғары өрледі, деп хабарлайды Sports.kz.

Boxrec.com сайтына сілтеме жасап хабарлағандай, қазақстандық боксшылар Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО), Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) және Константин Брусенский (1-0, 1 КО) Мәскеудегі «Крылья Советов» спорт кешенінде өткен бокс кешінде жақсы нәтиже көрсетіп, рейтингтерін жақсартты.

Жаңабаев төрешілердің шешімімен Арнел Тинампайды ұтып, бірінші орташа салмақ бойынша 98-орынға шықты (бұрын 138-ші болған). 

Ал Ербосынұлымен жұдырықтасқан бельгиялық Илиас Ачергуи төртінші раундта кездесуді жалғастырудан бас тартып, нәтижесінде біздің боксшы супер орташа салмақ бойынша 95-ші орыннан 58-ші орынға бір-ақ көтерілді.

Кәсіби рингтегі дебютінде ресейлік Дагир Качакаевті нокаутқа түсірген Брусенский жеңіл салмақ дәрежесінде 1261-ші орында тұр.

Головкин Қазақстанның атын әлемге танытты


Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз