«Жеңілдіктер жойылады»: елшілік АҚШ-тағы қазақстандықтарға үндеу жасады
Елшілік АҚШ-та шекара қауіпсіздігін нығайтып, заңсыз көші-қонды азайтуға бағытталған көші-қон саясатын қатаңдатуға назар аударылғанын атап өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қамауға алу және АҚШ-қа қайта кіруге шектеу қойылған елден шығару сияқты мәжбүрлеу шараларымен қатар әлеуметтік төлемдер, жұмысқа рұқсат беру құжаттары және басқа да жеңілдіктер жойылады, — делінген хабарламада.
АҚШ билігі елде болу үшін заңды негіздері жоқ шетелдік азаматтарға АҚШ аумағынан өз еркімен кетуге мүмкіндік береді.
ҰЛЫ ДЕПОРТАЦИЯ
Трамп әкімшілігі күн сайын әскери ұшақтармен елден заңсыз иммигранттарды шығаруды жоспарлап отырғаны бұған дейін хабарланған еді. Бұл туралы АҚШ шекаралық қауіпсіздік басқармасының басшысы Томас Хоман мәлімдеген. Бұл «Америка Құрама Штаттарының тарихындағы ең үлкен депортация операциясы» болмақ