Жеңгетайлықпен айналысып, атышулы «Айка тізімін» жасаған блогер апелляциялық шағым түсірді

0

Элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы Айка сотқа апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іс жақын арада Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясында қаралады. Процесс жабық түрде өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін прокуратура келісімі бойынша блогер қызға қатысты қылмыстық кодекстің 309-бабы “Жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыру және жеңгетайлық” және 297-бабы “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау” бойынша сотқа дейінгі іс қозғалған.

Сот барысында секс-бизнесін ұйымдастырушыдан жылжымайтын мүлік құжаттары, ақ түсті ұнтақ зат қалдықтары бар қалта айнасы, есірткі заттарын тұтыну үшін оралған ақша, Lexus ES 250 және Toyota Camry 70 маркалы автомашиналар, сондай-ақ салмағы 1,72 грамм мефедрон тәркіленді.

Еске салайық, «Айка» ісі бойынша сот отырысы жабық есік жағдайында өткен еді. Алматыда қалталы азаматтарға эскорт қызметін ұсынып, “жеке” секс-кештер ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған 25 жастағы атышулы «Айка тізімін» жасаған блогер қыз 6,5 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік.