«Жеңді, бірақ әсер қалдырмады»: Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық боксшы, Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алтыншы кездесуін өткізді. Бұл туралы Stan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Данияр Елеусінов

Ол Филадельфияда (Пенсильвания штаты, АҚШ) Liacouras Center аренасында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Елеусіновтің қарсыласы — 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортис (37-23, 18 КО) болды. 

Жартылай орта салмақтағы кездесу 8 раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Елеусіновтің пайдасына шешілді. 

Осылайша Данияр кәсіби рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Олардың үшеуін қазақстандық боксшы нокаутпен аяқтаған. Ортис болса кәсіби мансабында 24-ші жеңіліске ұшырады. 

Айта кетейік, Елеусіновтің кәсіби рингке келгеніне сәуірде бір жыл болады. Биыл боксшы чемпиондық белбеулер үшін таласады деп күтілуде. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz