Жемқорлықты бірлесіп жеңеміз | «Айқын» газеті

0

Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заң қабылдады.
2015 жылы сол кездің талабына сай жаңа заң қолданысқа енгізілді. Арнайы уәкілеттікке иелік ететін мемлекеттік орган – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі құрылды. Заңдық, ұйымдастырушылық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы маңызды шараларды іске асырды.

«Жаңару» сыбайлас жемқор­лыққа қарсы жалпыұлттық қозға­лысы» республикалық қоғам­дық бірлестігі қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовтің бастама­сымен құрылған. Сол кезден бастап жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы мәселені батыл көтерді. Жемқорлықты жою үшін оған қарсы күресте теория мен практика шебер ұштасуы керек. Қоғамды алаңдатқан мәселені түп-тамырымен жоюға барлық азамат атсалысса, нәтиже­ге қол жеткіземіз. Жұмыла көтер­ген жүк жеңіл. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғам өзара күш біріктіріп, жүйелі жұмыс жүргізген ұтымды. Қазақстан Президентінің жемқорлыққа қарсы тұруды күшейту жөнінде жүктеген міндеттемелерін орындау мақсатында «Жаңару» бірлестігі құрылды. Іле-шала бірлестіктің облыстар мен қалалардағы филиал­дары құрылып, жарғысы бекітіліп, мақсат-міндеттері айқындалды. Қоғамдық бірлестік содан бергі бес жылда көптеген жұмыс атқарды. Алматы облыстық филиалы да сол кезден бастап сыбайлас жемқорлықты жоюда нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.

Қайрат Ержанов,
«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы»
РБК Алматы облыстық филиалының төрағасы