Жемқорлық тақырыбын көтерген айтыс: Айбек Қалиев жеңімпаз болды

0

2018 жылғы 21 желтоқсан 11:04 429

Жемқорлық тақырыбын көтерген айтыс: Айбек Қалиев жеңімпаз болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда азаматтық жауапкершілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті дәріптеген «Жаңғыруға жаршымыз, жемқорлыққа қарсымыз!» атты тұңғыш республикалық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздік күніне арналған жыр додасына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Көкшетау қаласы әкімдігі қолдау білдірді. Айтыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және «Рухани қазына» бағдарламасының «Аймақтық мәдениет, дәстүр мен құндылықтар» тармағының басты бағытын іске асыруға арналған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, айтыстың мақсаты – Тәуелсіздік мұраттары мен құндылықтарын насихаттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын паш ету. Сондай-ақ өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың таным-талғамын ұлт руханиятына бағыттау, қазақтың төл өнері арқылы мемлекеттік тілдің мерейін арттыру, қазіргі қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тақырыбын қаузау – айтысты ұйымдастырудағы бағыттардың бірі.

«Бүгінгі таңда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда біз жемқорлықпен күресуге барынша күш жұмылдырып жатырмыз. Ақмола облысында бұндай ерекше айтыс алғаш рет өткізіліп отыр. Оның басты мақсаты – аузы дуалы ақындардың өткір жыры арқылы қоғамға ой тастау» – дейді Арман Бердалин.

Жыр додасында Айбек Қалиев, Дидар Қамиев, Айтбай Жұмағұлов, Аспанбек Шұғатаев, Мұxтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Нұрлан Мұсаев, Әсем Ережеқызы, Марат Аxметов, Жарқын Жұпарxан, Құрмет Құралxан, Мұxаммед Қонқаев сияқты еліміздің әр өңірінен жиналған, тілі өткір, ойы ұшқыр ақындар қатысты.

Жемқорлық тақырыбын көтерген айтыс: Айбек Қалиев жеңімпаз болды 

Айтысқа ақын, әнші, сазгер Иран Тасқара, филология ғылымдарының кандидаты, республикалық айтыстардың жеңімпазы Серікзат Дүйсенғазин, М.Ғабдуллин мұражайының директоры Құдайберлі Мырзабек, сондай-ақ ақын, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Рамазат Сәттібаев қазылық етті.

Сайыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Қарағанды қаласынан келген Дидар Қамиев жеңіп алса, екінші орын Қызылорда қаласының тумасы Мұхтар Ниязовқа бұйырды. Ал бірінші орынға қостанайлық Айбек Қалиев лайық деп танылды.

Жемқорлық тақырыбын көтерген айтыс: Айбек Қалиев жеңімпаз болды 
Жемқорлық тақырыбын көтерген айтыс: Айбек Қалиев жеңімпаз болды 
Жемқорлық тақырыбын көтерген айтыс: Айбек Қалиев жеңімпаз болды 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз