Жемқорлық ісі бойынша сотталған Арыстанбек Мұхамедиұлының ұлы Тоқаевтан көмек сұрады

0

Жемқорлық ісі бойынша сотталған бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ұлы Нұрбек Сәдуақасов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына өтініш жолдады. Бұл жөнінде Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сәдуақасов өз сөзінде президенттің атына орындалмас тілек айтып тұрмағанын, өзінің тек әділдікті сұрайтынын айтады.

“Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіз еліміздегі Конституция мен әділеттің кепілісіз. Мен, әрине, жаңа ұрпақ ретінде, жаңа Қазақстанды қолдаймын, бірақ менің барлық үмітім 2023 жылдың 20 маусымында сөнді. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты, дәлірек айтсақ, Арыстанбек Мұхамедиұлының 150 миллион теңге жымқырды деген ісі бойынша менің анама қатысты қатаң әрі әділетсіз үкім шығарды. Мен тек әділдікті сұраймын”, – делінген Сәдуақасовтың әлеуметтік желіде жарияланған сөзінде.

Оның пікірінше, бұл іс қолдан әдейі жасалған. Сот барысында айыптау және куәгерлер тарапынан ешқандай айғақ болған жоқ, дейді ол.

Айта кетейік, Exponat ЖШС бас есепшісі Айым Сәдуақасова жеті жылға бас бостандығынан айырылған еді. Іс бойынша Мұхамедиұлынан бөлек айыпталушы ретінде оның орынбасары Алмаз Нұрасхан, Exponat ЖШС директоры Азамат Көшенов пен бас есепші Айым Сәдуақасова да бар.Үшеуі де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, жеті жылға бас бостандығынан айырылған.

Еске салсақ, Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Еске салып өтейік, 2022 жылдың 16 мамырында Мұхамедиұлының үйінде және Ұлттық музейде тінту жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Кейінірек экс-министр өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады.Алайда оның жақтастары бұл ақпаратты жоққа шығарады. Ал Мұхамедиұлының өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу пайда болды, онда экс-министр сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеудің басталғанын растап, оны белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловпен келіспеушілікпен байланыстырған.

Кейін Жаманқұлов Мұхамедиұлының үстінен арызды өзі жазғанын растады. Сол күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық музейдің шенеуніктеріне 146 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылғанын хабарлады.

1 шілдеде Мұхамедиұлының ісінде тағы бір эпизод – Алматы қаласындағы «Республикалық су және қолданбалы спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік кәсіпорнының ведомстволық бағыныстағы ғимаратын еншілес ұйымның пайдасына жеңілдетілген бағамен иеліктен шығаруға қатысты іс. Бұл эпизод бойынша, кейбір деректерге сәйкес, 2,218 млрд теңге көлемінде шығын келтірілген. пайда болғаны белгілі болды.

24 қаңтарда Мұхамедиұлының ісі бойынша ҚР Ұлттық музейі директорының экс-орынбасары Алмаз Нұразханның ұсталғаны белгілі болды.