«Желтоқсанда үйлену тойы». Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов кімді таңдады?

0
Чемпион Сәкен Бибосынов болашақ жарын желтоқсанның 10-ы күні ұзатып алып, 13-інде үйлену тойын Шымкентте өткізбек. Бұл туралы боксшы Express Qazaqstan тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Болашақ жарымның есімі — Нәзира. Медицина колледжінде оқиды. Өзімнен екі жас кіші. 1999 жылы дүниеге келген. Түркістан облысындағы Ордабасы ауданының Амангелді ауылынан. Руы — Шымыр. Екеуміздің қыз бен жігіт болып кездесіп жүргенімізге 5 жыл болды. Жеке өмірімді жасырып жүрдім (күліп — ред). Үйлену тойым бұйыртса Шымкентте өтеді», —деді спортшы.

Сәкен Бибосыновқа Түркістан облысының әкімі уәде еткен екі бөлмелі пәтер сол күйі берілмепті.

Беріледі деген. Бірақ әлі хабар жоқ. Алмадым пәтерді

— деді ол.

Еске салсақ, 9 қараша күні Түркістан қаласында заманауи талаптарға сай спорт кешені ашылған болатын. Нысанның ашылу рәсіміне боксшы Сәкен Бибосынов та қатысты. Салтанатты шарада Түркістан облысының әкімі спортшыға Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беру туралы тапсырманы шаһар әкіміне тапсырған болатын. Және Өмірзақ Шөкеев ол үшін қала басшысына бір апта уақыт берді.

51 келіге дейінгі салмақтағы боксшы Сәкен Бибосыновтың Белградта өткен әлем чемпионатында алтын алғанын бұған дейін жаздық. Кейін боксшы Express Qazaqstan тілшісіне берген сұхбатында әлем чемпионатындағы жекпе-жектері туралы айтып берді.